аываываывавы

Қалалық «Ұстаз бен шәкірт өнері» конкурсы

Қалалық «Ұстаз бен шәкірт өнері» конкурсы

2016 жылы 14 сәуірінде, Қазақстан халықтарының достық және мәдениет үйінде, ішкі саясат бөлімінің көмегімен және Қарағанды облысы бойынша ЖШС «Қазақмыс Копрорациясының» жанындағы «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.К. Шыңғысовтың демеушілік қолдауымен, Жезқазған медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Ұстаз бен шәкірт өнері» қалалық сайысы өткізілді.

Сайыс 15 сәуірінде Қазақстандағы Ғашықтар күні «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналды. Бұл біздің қаламызда 1-ші рет өткізілді, осы іс-шараның бастамашысы – Жезқазған медициналық колледжі.

Конкурстың ережесіне сәйкес конкурс қатысушылары, оқытушы мен студенттен құралған, шығармашылық жұп болды.

Конкурсқа Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық, Музыкалық, Бизнес және көлік, Жезқазған политехникалық колледжінің және ұйымдастырушы – Жезқазған медициналық колледжінің жұптары қатысты.

Конкурстың қазылар құрамына:

  • «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары - Каженова Г.И.;
  • ЖШС «Қазақмыс Корпорациясының» «НұрОтан» Қарағанды филиал партиясының аппарат басшылығының хатшысы - Нұржанов А.С.;
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы - Шомаева Г.К.;
  • Жастар ресурстық орталығының директоры - Копбаев Б.И.;
  • ҚГА ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері – Битенова С.Д.

Қатысушылардың алдында өздерінің талантын, әртістік, вокалдық өнерін табысты көрсету міндеті қойылды.

Колледждің шығармашылық жұптары конкурстың 3 кезеңі бойынша өз өнерлерін көрсетті:

1 кезең – Махаббат туралы ән орындау;

2 кезең – Махаббат, көктем тақырыбына театрланған көрініс;

3 кезең – Би өнері.

Көрермендер конкурстың барлық қатысушыларын қызу қарсы алды.

Конкурс соңында қазылар шығарған қорытынды мен қатысушыларға мадақтама қағаздары және бағалы сыйлықтар берілді:

  • Гран при – Жезқазған медициналық колледжі;
  • 1 орын – Жезқазған миндустриалдық – гуманитарлық колледжі;
  • 2 орын – Жезқазған музыкалық колледжі;
  • 3 орын – Жезқазған бизнес және көлік колледжі;
  • «Көрермендер көзайымы» жүлдесі – «Жезқазған қаласының іскер әйелдер ассоциациясының» атынан Жезқазған политехникалық колледжіне берілді.

Конкурс ұйымдастырушысы демеушіге қымбат және қажетті сыйлықтар үшін алғысын білдірді.

Гран при жүлдесіне – «Samsunq» компаниясының плазмалық теледидар берілді;

1 орын - сандық фото-бейнекамера;

2 орын – қысқа толқынды пеш;

3 орын – франциялық ыдыстар жиынтығы;

«Көрермен көзайымы» жүлдесі – кофеқайнатқы.

Құттықтау сөздерін конкурсқа шақырылған қонақтар – қала әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекова және қазылар мүшелері білдірді.

Медициналық колледж директоры Л.Н. Ранова барлық конкурсқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, бұл конкурс дәстүрлі түрде жыл сайын одан әрі дамып өткізіліп турса деген лебізін білдірді.

Келулердің саны: 4449

Жоғары