аываываывавы

Дінтанушы-теологпен кездесу

2018 жылы қараша айының 7-і күні медициналық колледжде «Ішкі саясат бөлімінен» теолог Сәрсен Әділет Кенжебекұлымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру.

Кездесу тәрбиеленушілер мен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті.Әділет Кенжебекұлымен қазiргi Қазақстандағы мемлекеттік -конфессиялық қарым-қатынастар туралы әңгiмеледi.

Әділет Кенжебекұлы жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Іс-шараның соңында студенттер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.

Дінтанушы-теологпен кездесу

Дінтанушы-теологпен кездесу

Дінтанушы-теологпен кездесу.

Дінтанушы-теологпен кездесу


Келулердің саны: 5713

Жоғары