аываываывавы

26.11.2021 жылы Жезқазған қаласының "Халықтар достығы үйінде" 1 желтоқсан мерекесінің қарсаңында "Мен - жас қазақстандықпын" атты форум өтті. Форумның мақсаты: қаламыздың жас белсенділері мен жанашырларын марапаттау. Колледжіміздің "Жігер" студенттер парламентінің президенті 252 МІ тобының студенті Сергей Досымжан "Жас көшбасшы" номинациясымен марапатталды. Досымжан колледжішілік, қалалық қоғамдық істерінің белсенді қатысушысы. "NUR OTAN" партиясының қарамағындағв "Jas Otan- Жастар қанатының" мүшесі, "Бірлік" еріктілері клубының мүшесі, "Жайдарман" көңілді  тапқырлар клубының мүшесі. Досымжанға үлкен табыстар тілейміз.

 


Келулердің саны: 1533

Жоғары