25–26 қазанда Астанада Алматы декларациясының 40 жылдығына орай «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппайқамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» деген атау мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференция өтті. Конференцияда 140 елдің, халықаралық ұйымдары мен әлемдікак адемиялық элитаның өкілдері — барлығы 1700-ге жуыққатысушы бас қосты. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан Үкіметі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ болды. Конференция қатысушыларының негізгі мақсаты — медициналық-санитариялық алғашқы көмектіоданәрі дамытуды жоғары деңгейде талқылау, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясын қабылдау.Аталған конференцияға колледжімізден директордың оқу ісі бойынша орынбасары С.А.Тоқтыбаеважәне 111 ЕІ тобының студенті Г.Мамедова қатысты.