аываываывавы

Онлайн кездесу

Жезқазған қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 11.02.2021 күні «Ерлікке тағзым елдіктің белгісі» атты Бекен   Сламғалиұлы Бузарбаевпен онлайн   кездесу өтті. Бүгiнгiі кездесудің басты кейіпкері Бекен аға, Ауған соғысында болғанын, және қазіргі жастардың патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөліну керектігін айтты. Ол кезде СССР уақыты, ешқандай бұйрық талқыланбайтынын және 100 пайыз орындалатынын ерекше мақтаныш сезіммен атап өтті. Мектеп жасынан бастап әрбір ер азамат өздерін Отан алдында борышын өтеуге дайындап, оны мақтан тұтатын, қазіргі бейбітшілік заманда әскерге барғысы келмей қашып жүретін жастарға қарап таң қаламын. Еркекті ер ететін, патриоттық сезімді оятатын, өмірге деген құштарлықты оятатын- тек Отан алдындағы борышты адал орындау деп түсінемін. Қазір кең Қазақстанымызда жастар ұлтшылдыққа бөлініп, мінездерін көрсетіп жатады. Ал Ауған жерінде Қазақстаннан келген әрбір азамат әрқайсымыз үшін қымбат, бауыр, туысыңдай жаның ашып тұратын. Ешқашан орыс, неміс, азербайжан, армиян немесе түрік деп бөлген емеспіз- деп сөзін аяқтады.

Кездесу барысында, студенттер сұрақ беріп, көңілдерінен шығатын жауап алды.

Бекен аға жастардың сана сезімін оятатын, Отанға деген патриоттық сезімнің ,кез келген Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің бірлігі туралы, Отан алдындағы борышты әрбір азамат аса жауапкершілікпен атқару керек екендігін толық түсіндірді, әрбір сөзі қатысушының жүрегінен кеңінен орын тапты деп ойлаймын

Онлайн   кездесу

Онлайн   кездесу


Келулердің саны: 1953

Жоғары