аываываывавы

14.01.2022ж.Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде құқықтық оқыту мектебінің отырысы өтті. Отырыста тарих пәнінің оқытушысы Ораз Қайырлен Досқалиұлы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы" атты баяндама оқыды. Отырыс барысында колледж оқытушылары заңның өзектілігі жөнінде өз пікірлерін айтты. Сонымен бірге отырыста Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Тоқаевтың парламент палаталарының біріккен отырысында жасаған мәлімдемесі талқыланды. Оқытушылар президент мәлімдемесінің маңыздылығы және  барлық берілген тапсырмалардың орындылығы жөнінде өз пікірлерін айтып, тұжырым жасады. Отырыс соңында студенттердің құқықтық және саяси сауаттылығын арттыру туралы шешім қабылданды.
 

Келулердің саны: 1462

Жоғары