аываываывавы

Ұлттық салтты насихаттау

Ұлттық салтты насихаттау

Салт-дәстүрсіз халық болмайды. Салт-дәстүр халықтың сапалық қасиетінің, моральдық өмір сүру нормасының басты өлшеуіші. Ата салты мен халықтың қасиетті ардақ тұтқан ұтады. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. "Мәңгілік Ел" болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі ұлттық құндылық-ұлттың тірегі.

 


Келулердің саны: 1657

Жоғары