аываываывавы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс шара.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс шара. 
31.05.2022 жылы. Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Бірлікке бастаған қасіретті жыл"атты іс-шара өтті.Бұл іс шара -студенттерге халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны жайында ашық көрсетті.
 Өткеннің өкінішті кезеңдерін еске алынды, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанды «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды Қазақ елінен қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
 
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұжымдастыру ұранымен науқанға кіріскен белсенділер республикадағы 40 миллионнан астам мал басының қырылуына әкеп соқтырды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әзер жеткені - бұл зұлматтың қаншалықты қасыретті болғанын көрсетті.
Кеңестік тоталитаризмнің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті ешбір елді таңдап, ешбір адамды талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды. 
Іс шараны ұйымдастырған ; колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Кенишбаева Гулзейнеп Тусупназаровна. 
 

Келулердің саны: 1859

Жоғары