аываываывавы

Колледжде «Кім көп біледі?» атты ашық пікір сайыс сабағы өткізілді.
 
24.11.2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Достанбекова Қамажай Бектасовна  «Кім көп біледі?» атты ашық пікір сайыс сабағын өткізді. Пікір сайыс сабағында екі команда болып сайысқа түсті. Мұнда қазақ тілінің грамматикасынан көптеген сұрақтар дайындалды.
Сонымен қатар Алаш қайраткерлерінің өмір тарихы, еңбектері сұрақ-жауап арқылы бағаланды.
Сабақтың мақсаты: Оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың білім қорын анықтау, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәнерлерін, әдеби көркем сөйлеуін,өз пікірлерін дәлелдеп шығуға қалыптастыру. Пікір сайыс арқылы білім қорларын байыту, оқушыларды тез ойлауға, шешім қабылдап өзін көрсете білуге қалыптастыру.
Сайыста сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдерді жалғастыру, мәнерлеп оқуға бағалар қойылды.
 

Келулердің саны: 1286

Жоғары