аываываывавы

Бүгін, 20 қараша күні "Оқуға құштар колледж" жобасы  аясында  "Өз кәсібің туралы көркем әдебиет" атты кітапхана кильтін 254 Мейіргер ісі тобымен Мейіргер ісі пәні оқытушысы Жумабаева Заузамирхан Калжановна;

Мақсаты: Студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру және жасөспірімдердің әдеби саладағы келесі құзыреттілігін дамыту, білім алушылардың оқуының сапасын арттыруға үлес қосу, өз кәсібіңе деген қызығушылығын арттыру.

Медицина мамандығы туралы әдеби кітап өте көп, студенттер біршама кітаптармен таныс екендерін айтты.  Әңгімеміз кітап төңірегінде болғаннан соң, біздің студенттер өздерінің ұлағатты ұстазы, тәлімгер, оқу үздігі, ақын, жарық көрген бірнеше кітабы бар сүйікті ұстазымыз Дастанбекова Қамажай Бектасовна туралы айтқанды әбден құп көрді. Қамажай Бектасовна медицина мамандығы туралы керемет көптеген жырлар жазып, "Мейіргерлер  ұраны" гимінің де авторы екенін мақтанышпен айтты. Студенттер ол кісінің шығармасынан, жырларын жатқа айтып, мақтаныш сезімдерін жасыра алмады. Медицина туралы қаншама жақсы әдебиеттерді оқып жатса да, Қамажай Бектасовнаның шығармаларынан жүректеріне жақын, жастарға үлгі боларлық туындыларын сүйсіне оқып, мақтан тұтатындарын, жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан, адамға өмірді танытып қана қоймай, солардың өмірге көзқарасын қалыптастыратынын, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал ететінін улкен мақтанышпен, Заузен Калжановна да студенттерге жеткізді. Кильт соңында адамдарды тек дәрі дәрмекпен емес, жылы сөзбен де емдеп жазуға болатынын және адам тағдыры жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше ерекше тәсілі екенін айта отырып, студенттер кәсіби көркем әдебиет туралы өз ойларын жазып, ортаға салды.

 

ЖқОЖМК " Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Бабалар үні " атты тәрбие сағаты өтілді. Сабақтың мақсаты : кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралдарын, ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай, тәлім-тәрбиеге толы өсиет сөздерін талдау арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту. Имандылыққа, ұлтжандылыққа баулу болды. « Бабалар өсиеті — балаға мұра» атты арнауына шығарылған бейне көрініс көрсетілді. "Кейінгі ұрпақ, әрине біздер осы бабаларымыздың өсиеттерін есте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренейік "- деп  тәрбие сағатын өз мәресіне жеткізді.

"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі, 258 МІ тобының студенттері "Мен кітапты ашамын, мн әлемді танимын" әдеби кейс өткізді.

Мақсаты: Оқушыларлың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын жеткізуге , тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Кітап арқылы әлемді тану.

258 МІ тобы, куратор: Айтан Мадира Муратбеккызы

 

ЖқОЖМК «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бірколледж-бір кітап» акциясы 2023 жылы Республика бойынша Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға арналды.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Т.Әбдіктіңқалың оқырмандарға  кеңінен танымал. 

Колледж оқырмандарының да таңдағаны Т.Әбдік болды. Оның «Оң қол» шығармасы оқырмандардыңқызығушылығын тудырды.

Қалалық кітапханада Т.Әбдікке арналған «Қаламықалғымайтын қаламгер» атты іс-шараға 57 АД тобыныңстуденттері  Т.Әбдіктің барлық шығармаларын оқып шығыпосы іс-шарада ойларымен бөлісіп, айтып берді. Белсендіоқырмандарымыз марапатқа ие болды.

Мақсаты:оқырмандарды Т.Әбдіктің шығармаларыментаныстыру, оқуға қызығушылықтарын ояту, кітап оқудынасихаттау.

В рамках концепции”Читающий колледж” прошел конкурс “Лучший читатель группы” среди студентов 59АД группы. Конкурс провела преподаватель ОСД Моторыкина О.В.

Цель конкурса: формирование представлений о ценности, значимости чтения, создание мотивации к читательской деятельности, выявление лучших читателей, содействие воспитанию культуры чтения.

Лучшими читателями стали:

1.Абузярова Камила

2.Нукеев Кайрат

3.Кузуб Милана

Победители награждены книгами.

«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» әдеби аукцион

2023 жылы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Ұлытау облысы Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өтті.

Шара мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген құштарлықтарын ашу.

Әдеби аукцион 4 кезеңнен тұрды: «Біз Абайды білеміз бе?» іріктеу кезеңі, «Абай бастау алған бұлақтар», «Қоғам келбеті» кезеңі, «Қазақтың бас кітабы». Шараға 1-курс студенттері қатысып, Абай әлеміне терең бойлап, бір-бірлерімен білімдерін сынасты.

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Баймагамбетова Салтанат Кажымуратовна

30.10.2023ж. «Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжде» «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында жоспарланған іс-шарасына сәйкес «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

 Мақсаты: Студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет -ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,ұлттық сананы ояту,жас ұрпақ санасына,туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныщ сезімін ұялату,ұлттық рухты бойына сіңіру ,заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

Шара барысында қазақ халықының қазіргі күні ұмыт болған және жаңадан енген салт-дәстүрлер туралы мәліметтерден деректер келтіріліп өтті. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Қазақтың салт-дәстүрлері: тұрмыс салтқа, бала тәрбиесіне, әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінетіндігі және олардың қоғамдағы, отбасындағы маңыздылығы жайында айтылып өтті. Этно шолу барысында студенттерге салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың түрлерінен сұрақ-жауаптар ойнатылып, буклеттер таратылды.

Тәрбие сағатына 260 МІ мен 141 ЕІ топ студенттері қатысты.Іс-шараға жауапты тарих пәнінің оқытушысы Абильдаева А.К

 

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі кітапханасында “Оқуға құштар колледж “ жобасы аясында “Кітап достарын іздейді!”атты БУККРОССИНГ қозғалысы өтті.

Мақсаты: оқырмандардың арасында кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап арқылы өздеріне дос таба білу.

Үйімізде шаң басып жатқан немесе оқылған кітаптарға “екінші өмір сыйлау”, оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

БУККРОССИНГ қозғалысының мақсаты: адамзатқа жол көрсетіп отыратын рухани қара шаңырақ - кітапхана деп білемін.Кітапхана -өнер, білім ордасы, жастарды ізгілікке тәрбиелейтін қасиетті орын.

Буккроссинг қозғалысты жүргізген: анатомия пәнінің оқытушысы- Мамраева Г.К.

 

 

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің волонтерлер тобы» Оқуға құштар колледж «Жобасы аясында «Біз оқуға құштар буынбыз» атты волонтерлік қоғалыс жасады.

Мақсаты: студенттердің әдеби кітаптарды оқуға қызығушылықтарын оятып, кітапхана оқырмандары қатарының көбеюіне, білім нәрі кітап көздерінде екенін айтып түсіндірме жұмысын жүргізді. Бағыт-бағдар беруші, кітапхана қызметкері: Жалгасбаева Ж.К

 

 

 

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде "Оқуға құштар колледж " жобасы аясында жоспарланған "Өзім оқып шықтым,саған оқуға кеңес берем" тақырыбында библио-кросс өтті.

Мақсаты: студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және жастардың әдеби талғамын арттыру, шығармашылығын дамыту, кітап оқу қызығушылықтарын ояту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Іс-шараны хирургия пәнінің оқытушысы Касимбеков А.С өткізді.

 

 

"Оқуға құштар колледж " жобасы аясында "Бір отбасы-бір кітап"акциясы өтті.

Мақсаты: оқу мәдениетін насихаттау, отбасы құндылықтарын берік ұстануға, ата-ана,отбасында   кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуіне байланысты, жалпы қоғамның назарын аудару, жеке тұлға қалыптастыруда кітаптың рөлі, оқу мәдениетін дамыту және қолдау.

"Отбасы-біздің шамшырағымыз,

 Кітап -біздің ұстазымыз".

Кітапхананың тұрақты  оқырмандарының отбасылары бос уақыттарында кітап оқуды жанұя мүшелерімен әдетке айналдырған.

Оқырмандардың жетекшісі:  Жалгасбаева Ж.К.

 


Келулердің саны: 1626

Жоғары