аываываывавы

Бөлім меңгерушісі- Коканова Тулиу Абуталиповна

Мамандық 090120100 «Емдеу ісі»

Біліктілік 4S09120101 «Фельдшер» 

Бөлім меңгерушісі:

Коканова Тулиу Абуталиповна

Жұмыс өтілі: 33 жыл

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі Республиканың денсаулық сақтау саласында халыққа дәрігерге дейінгі, емдеу-профилактикалық, реабилитациялық көмек көрсету мақсатында «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі бойынша орта буын медицина қызметкерлерін даярлайды.

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, жалпы орта білімнен кейін және 3 жыл 10 ай негізгі білімнен кейін.

090120100 «Емдеу ісі», мамандығының білім беру оқыту бағдарламасы 4S09120101 «Фельдшер», біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келеді және білім алушылардың келесі құзіреттіліктерді меңгеруін көздейді:

Базалық құзіреттер: ұзақ мерзімді оқуды жоспарлау, кәсіби даму ептіліктерін игеру, ақпарат жинау және өңдеу, ақпараттарды тәжірибеде қолдану, ақпаратты компьютерлік технологияларды қызметте және өзін дамыту барысында қолдану, қоғамдық өмірге белсене қатысу, кәсіптік этикалық құндылықтарды дәріптеу, қызметінде эстетиканы сақтау және бағалау, әртүрлі адамдармен, түрлі жағдайда тиімді қарым-қатынас жүргізіп, коммуникативті дағдыларды игеру, жауапкершілікпен түрлі командаларда жұмыс жүргізу.

Кәсіптік құзіреттер: тұлғамен, отбасылармен, тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын атқару, пациенттерді және түрлі қауіп-қатер топтарындағы адамдарға тиімді бақылау жүргізу, денсаулықты сақтау және нығайту бойынша пациентке және оның отбасына кеңес беру дағдыларын игеру, адамдардың және қоршаған ортаның қаупсіздігі үшін зиянды факторлар әсерінен қорғау әдістерін пайдалану, қызмет сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдалану, медициналық қызмет сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін емшараларды стандарттарға сәйкес орындау.

Клиникалық құзіреттер: отбасы және қоршаған ортаны ескере отырып, тұлғаға бағытталған емдеуді, диагностикалауды, күтімді жүргізу, әртүрлі санаттағы пациенттерге емдеу принциптерін таңдау және жедел көмек көрсету, жүргізілген емшаралардың тиімділігін бағалау, түрлі ауруларда және күрделі терминальды жағдайларда қарқынды терапия мен реанимациялық шаралардың заманауи әдістерін қолдану, тиімді реабилитация жүргізу, кәсіптік қызметте дәлелді медицина тәжірибесін қолдану.

Колледж түлектері оқуын аяқтап, маман сертификатын алған соң, түрлі медициналық мекемелерде медициналық тәжірибеге кірісе алады. Колледжіміздің біліктілікті арттыру бөлімінде түлектер және денсаулық саласында қызмет етіп жүрген орта буын медицина қызметкерлері закреплены біліктіліктерін арттырады.

Біліктілік: 4S09120101 «Фельдшер»

«Фельдшер» біліктілігін алған түлектің кәсіптік қызмет көрсету нысаны түрлі жастағы тұрғындар.

«Фельдшер» біліктілігін игерген түлектің көрсететін қызмет түрлері:

- стационарда, дәрігерлік амбулаторияда, емханада, фельдшерлік-акушерлік бекетте, медициналық жедел жәрдем станциясында пациенттерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, емдеу-диагностиклауға қатысу;

- жіті ауруларда және қайғылы жағдайларда пациенттің жағдайын бағалау және дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету;

- төтенше жағдайларда, эпидемия кезінде, жаппай зақымдалу ошақтарында тұрғындарға медициналық көмек көрсету;

- түрлі жастағы тұрғындарға денсаулықты сақтау және қолдау туралы шаралар өткізу, пациент және оның отбасымен жақсы қарым-қатынас жүргізу, реабилитация жүргізу, паллиативті көмек көрсету;

- әртүрлі жас кезеңіне қарай тұрғындарға денсаулықты сақтау туралы оқыту, денсаулыққа қауіп тудыратын жағдайлар туралы кеңес беру;

- тұрғындар арасында саламатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу

Эскулап ізбасарларына мәлімет

Жезқазған қаласының медициналық колледжі 1961 жылы 20 мамырда әйгілі геолог, ғылым академиясының алғашқы президенті Қ.И.Сатбаевтың қолдауымен медициналық училище болып ашылды. 1961 жылдың қыркүйек айында фельдшерлік мамандыққа екі топ және жалпы тәжірибедегі медбике мамандығына бір топ студенттер қабылданды. Медбике мамандығының алғашқы түлектері 1963 жылы, ал фельдшер мамандығының алғашқы түлектері 1964 жылы шығарылды. 1971-1981 жылдары училищеде фельдшерлерді, акушерлерді, жалпы тәжірибедегі медбике және балалар саласының медбикесін даярлады. 1990 жылы училище мемлекеттік тілде оқытылатын топтарды қабылдады. 1995 жылы училище негізінде орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеретін бөлім ашылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс істеп келеді. Медучилище 1996 жылы 14 маусымдағы ҚР ДСМ №282 бұйрығымен медициналық колледж болып қайта құрылды. Қазіргі таңда Жезқазған қаласының медициналық колледжінде «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология», «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Колледжде арнайы пәндер, жалпы кәсіптік пәндер, жалпы гуманитарлық пәндер, әлеуметтік-экономикалық пәндері циклы жұмыс істеді. Заманауй техникамен жабдықталған кітапхана, ақпараттық технологиялар кабинеті, ағылшын тілі кабинеті студенттердің қолдануында. Медицинаның қыр-сырын жетік меңгертуге арналған арнайы муляждармен, тренажерлармен, электронды қуыршақтармен, электронды бағдарламамен түрлі ауру белгілерін көрсететін манекендермен жабдықталған 2 симуляциялық орталық, стомотологиялық орталық жұмыс істейді. Кәсіби сабақтарды өткізуге арналған хирургиялық блок, мейіргерлік блок, акушерия және гинекология кабинеті, педиатрия, терапия, анатомия және физиология, патология, фармакология, гигиена, жұқпалы аурулар, микробиология, тіс протездерін дайындау, химия, лабораториялық диагностикалау кабинеттері қолданылады. Колледж студенттері терапия, хирургия, акушерия, педиатрия, мейіргер ісі, фармакология, анатомия, биофизика, микробиология және т.б. үйірмелерінде ізденіс жұмыстарын жүргізіп халықаралық, республикалық,облыстық, қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға материалдарымен шығып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Колледжде студенттерге кәсіби құзіреттілігін дамытып, жан-жақты маман болып қалыптасуына жақсы жағдай жасалған.

Студенттердің клиникалық тәжірибеден өтуі үшін келесі медициналық мекемелермен үш жақты келісім шарт жасалып, клиникалық база болып бекітілген:

  1. КМК «Жезғазған қаласының орталық ауруханасы»;
  2. КМК «ОМЖЖС»
  3. ЖШС «Жезғазған  медициналық орталығы»;
  4. КМК «Жезғазған қаласының емханасы»
  5. КМК «Сатбаев қаласының ауруханасы»
  6. КММ «Сатбаев қаласының емханасы»
  7. ЖШС «Жүрек»
  8. ЖШС Стоматология «Әсия»
  9. ПК «Қаратал»
  10. ОДА «Тильман»
  11. ОДА «Абильдинова»
  12. ОДА «Ахметова»
  13. ОДА «Ликерова»
  14. ОДА «Жезденсаулық»
  15. ТОО «Кошумбаева»

Колледж миссиясы – кәсіби құзіретті, білім-тәжірибесін пациентке арнап, оның денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын орта буынды және орта буыннан кейінгі мамандарды дайындау

Практические занятия отделения

Практические занятия отделения

 


Келулердің саны: 13649

Жоғары