Қайырлы күн!
Жоғары медициналық колледж директоры сайтына кірушілер, сіздермен қауышқанымызға өте қуаныштымыз!
Жоғары медициналық колледж директоры тарихқабай, байырғы оқу орындарының бірі.
Барлық қызмет атқарған жылдар бойы,ол өзінің өзектілігін жоғалтпай, қайта әлеуметтік-экономикалық дамуын өркендетіп, маңыздылығын арттырды. Жоғары медициналық колледж директоры бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында теориялық және тәжірибелік білімді нақты ғылыми зерттеулермен байланыстыра білетін «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», Лаборант, Дантист мамандарын дайындайды.
Көптеген жылдар бойы колледж Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Қарағанды облысы бойынша өткізіліп отыратын қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысып отырады.
ЖқМК-нің түлектері болашақта адам жанының арашасы, дәрігер ғана емес, сондай – ақ, олар мемлекеттік стандартқа сай, ой-өрісі кең,терең кәсіби білімді, өмір жолында адамдармен бірегей қарым -қатынас жасай алатын, іскерлік қасиеттерге бай маман болып шығады. Біздің колледж түлектері тек Қазақстан ғана емес, алыс және жақын шет елдер сұраныстарына да ие болуда.
Білім жүйесін реформалау және жаңарту дәуірінде медициналық колледж ұжымы болашаққа сеніммен қарайды.Бүгінгі күні колледж - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту жолында өз үлесін қосып келе жатқан заманға сай оқу орны.
Ізгі ниетпен,
Жоғары медициналық колледж директоры
Молдина Меруерт Айтмағанбетқызы
Біздің тәжірибелік сабақтар