аываываывавы

Білім күні

Білім күні

Жезқазған медициналық колледжі  1 Қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиынды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізді.Жиынға колледжіміздің ұлағатты ұстаздары, ата-аналар және І топ студенттері қатысты. ҚР-ның мемлекеттік туы енгізіліп, Гимн шырқалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдина М.А, ұстаздар атынан ардагер оқытушылар  Алимбетова Л.А,Кушекова Г.А.  студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап,тілегін білдірді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, биыл ұстаздар қатарын толықтырған жас мамандар және жаңа топ кураторлары  таныстырылып, оларда өз тілектерін білдірді.

Колледж  оқушыларына «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбында интерактивті тақта арқылы жоба сабақтар өткізіліп, «Болашаққа бағдар», «Взгляд в будущее» тақырыбында видео фильмдер көрсетілді. Жиын жаңашылдықпен және жоғары деңгейде өткізілді

                                            Білім күні. Білім күні.             

                                                                      Білім күні.                                                                

 

      

 

      

 


Келулердің саны: 3987

Жоғары