аываываывавы

Мұғалімдер күні!

2019 жылы 4 қазанда Жезқазған жоғары медициналық колледжінде оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты кеш өтті.

Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзі Жезқазған жоғары медициналық колледжінің директоры Молдина Меруерт Айтмағанбетқызына беріліп, колледж директоры ұстаздар қауымына ізгі тілегін арнады

Кеш барысында өз ісіне адал қызмет етіп, білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін колледж директорының тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары, терапия пәнінің жоғары санатты оқытушысы Абеуова Жанар Балтабекқызы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен,қайсар және игі еңбегі,Қазақстан медицинасына адал еңбегі бағаланып <<Кәсіби жетістіктері үшін >> медалімен фармакология пәнінің жоғары санатты оқытушысы Қоқанова Төлеу Әбутәліпқызы мен педиатрия пәнінің жоғары санатты оқытушысы Шлегель Людмила Александровна марапаттылды.

Сонымен қатар, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің <<Құрмет грамотасымен >> ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сағынай Өмірқұлқызы Жарылғасова, Жезқазған қаласы әкімінің кұрмет грамотасымен тарих пәнінің оқытушысы Қайырлен Досқалиұлы Ораз, Жезқаған жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен тарих пәнінің оқытушысы Дәулет Ахатұлы Ахметжанов, <<Нұр Отан >>партиясының алғыс хатымен Дәулет Кенбайұлы Бейсекбаев, Жезқазған жоғары медициналық колледжінің директорының грамотасымен Қуаныш Мұханбетқалиұлы Бейсекбаев марапатталды.

Салатанатты кеште өткен оқу жылының қорытындасы бойынша шығармашылық және оқу тәрбие жұмысында жетістікке жеткен оқытушыларға номинациялық сертификаттар табыс етілді. Сертификаттарды колледж директорының орынбасары Сәбира Әбдіхашымқызы Тоқтыбаева мен осы әсем кештің қадірлі қонағы болған алдынғы буынға жол көрсертуші ардагер ұстаздар табыс етті. Казақ тілі пәнің оқытушысы Гүлзейнеп Түсіпназарқызы Кенішбаева<<Үздік жыл мұғалімі>> атанса, үздік топ және үздік топ жетекшісі номинциясын колледждін 112 <<Емдеу ісі>> тобы мен кураторы Алма Түлекқызы Оразбекова иеленді.Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы Айнұр Серғазықызы Гусманова <<Yздік ғылымиқызметкер >> атанды.<<Колледж мақтанышы>> номинациясын Сағынай Өмірқұлқызы Жарылғасова алды . Оқуда және колледждің қоғамдық өміріндегі жетістіктері үшін «» стоматология тобының студенті Бөлеген Нұрбек<<Жыл студенті>> атанды.

Мерекелік кеш ән мен жырға әдемі тілек пен ізгі ниетке толы болып колледж студенттері ұстаздар қауымы алдында өз өнерлерін отаға салады.Колледжіміздің барлық оқытушыларын мерекелерімен және жетістіктерімен құттықтаймыз!

Мұғалімдер күні!

Мұғалімдер күні!

Мұғалімдер күні!


Келулердің саны: 2399

Жоғары