аываываывавы

2019 жыл - Жастар жылы «атты дөңгелек үстел»

2019 жылы 11 қазанда Жезқазған Жоғары медициналық колледжінің 3 корпусында жастар жылына орай, «2019 жыл-жалынды жастар жылы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңглекек үстелге Жезқазған жастар ресурстық орталығының кадр бөлімінің меңгерущісі Ізтілеу Бекенұлы Түсіпов және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Абай Арыстанбекұлы Бағчай қатысты. Колледждің тарих пәнінің оқытушысы Қайырлен Досқалиұлы Ораз ұйымдастырған дөңгелек үстелге 250 «Мейіргер ісі» және 122 «Емдеу ісі» тобының студенттері белсене қатысты. Дөңгелек үстел барысында студенттер қазіргі замандағы мемлекеттің жастар саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, жастар тәрбиесі секілді өзекті мәселелерді талқылап, өз-ой пікірлерін айтты. Дөңгелек үстел соңында құрметті қонақтар Ізтілеу Бекенұлы Түсіпов және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Абай Арыстанбекұлы Бағчай сөз сөйлеп, студенттерге Жастар жылының мыңыздылығы туралы айтып, жастарды белсенді болуға шақырды, сәттілік пен жемісті еңбек тіледі.

2019 жыл - Жастар жылы «атты дөңгелек үстел»

 2019 жыл - Жастар жылы «атты дөңгелек үстел»


Келулердің саны: 2869

Жоғары