аываываывавы

«Студенттер қатарына қабылдау»

2019 жылы 23 қазанда халықтар достығы мен мәдениет үйінің акт залында Жезқазған қаласының жоғарғы медициналық колледжінің 1 курс оқушыларын «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімінің салтанатты мерекесі өтті. Студенттер қатарына қабылдау рәсімінде колледж директоры Меруерт Айтмағанбетқызы Молдина сөз сөйлеп, 1 курс студенттеріне бұл күннің маңыздылығы жөнінде айтып, оларға алдағы 4 жылдық оқуда сәттілік тіледі. Салтанатты мерекеге Жезқазған қаласының жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Ізтілеу Түсіпов пен «НұрОтан» партиясының «ЖасОтан» жастар қанатының жетекшісі Бағчай Абай Арыстанбекұлы құрметті қонақ ретінде қатысты. Мереке барысында колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысқан студенттер құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. 1курс студенттеріне студенттік билеттер берілді. 1 курс оқушыларын студенттер қатарына қабылдау рәсімі колледж студенттері ұйымдастырған концертке ұласты.

««Студенттер қатарына қабылдау»»

 


Келулердің саны: 2500

Жоғары