аываываывавы

Колледждің алғашқы директоры Өмірбек Мұқанұлының туған күніне орай, еске алу кеші.
 
15-наурыз күні Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, дәрігер хирург, медицина ғылымының кандидаты, колледждің алғашқы директоры Өмірбек Мұқанұлының туған күніне орай, еске алу кеші өткізілді. Бұл кешке, Өмірбек Мұқанұлының балалары, туыстары, колледж студенттері, ұстаздары қатысты. Кеште дәрігердің өмір жолына шолу жасалып, еңбек жолындағы түрлі қиын да қызық сәттері жайлы әңгіме болды. Колледж студенттеріне бұл үлкен сабақ және тәрбиелік маңызы өте жоғары кездесу болды. Бұл тағлымы мол, жастарға жақсы серпін беретін кеш өте мағыналы болып өтті. Кешті ұйымдастырушы колледж ұстаздары Қ.Б. Достанбекова, Г.Т.Кенишбаева, Жалгасбаева Ж.К.

Келулердің саны: 1061

Жоғары