аываываывавы

Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінде кәсіби сынамалар.
 
 
Көктемгі демалыста Жезқазған қаласы мектептерінің оқушыларына арналып «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі, «Акушерлік іс» мамандығы «Акушер» біліктілігі, «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі, «Стоматология» мамандығы «Дантист» біліктілігі, «Лабораториялық диагностика» мамандығы «Медициналық зертханашы» біліктілігі бойынша кәсіби сынамалар өткізілді. Бөлім меңгерушісі Коканова Т.А.колледжге қабылдау ережелерін түсіндірді. Хирург станциясында хирург дәрігер А.С.Касимбековтың басшылығымен оқушылар сынық алу кезінде шиналар орнатып, қан кету кезінде таңулар жасап жедел көмек көрсету ептіліктерін меңгерді. Мейіргерлік технологиялар станциясында оқытушылар Моторыкина О.В. мен Калманбаева А.К. артериялық қан қысымын өлшеу, манекенде реанимациялық компрессия жүргізу ептіліктерін үйренді. Оқытушылар С.А. Жумабекова мен М.А.Алькенова жүкті электронды куклада босану кезеңін, патологиялық тыныстарды көрсетті. Стоматолог дәрігерлер Алимбетова 3.А. мен Малышева H.В. тіс анатомиясы мен тіс гигиенасы туралы сабақтар өткізді. Дәрігер педиатр Акмаганбетова М.Н жаң туған нәрестеге күтім жүргізу туралы сабақ өткізді. Микробиолог оқытушы Бейсекбаев К.М. оқушылармен микроскоптың құрылысы мен лабораториялық жұмыс жүргізу тақырыбында сабақ өткізді. 
 


Келулердің саны: 1546

Жоғары