Хабарландыру! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
"Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК-ның «комиссия құру бойынша» 04.11.2025 жылғы №129-к бұйрығы негізінде 2025 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ұсыныс пікірлер үшін байланыс нөмірі: 87102 41 02…
Хабарландыру! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы
«Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК (әрі қарай-колледж) 06.11.2025 - 07.11.2025 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау…
2025–2026 оқу жылының жаңа бастамасы! Жезқазған жоғары медициналық колледжінде ерекше қуанышқа толы күн өтті — студенттерді қатарға қабылдау рәсімі өтті.
2025 жылдың 4 қарашасында Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде құқықтық оқыту мектебінің мәжілісі өтті. Отырыстың мақсаты: Қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының…
2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130 - дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Осы тамаша мереке қарсаңында 19 стом тобында кураторлық сағат өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: студенттердің Қазақстанның мемлекеттік мерекелері туралы білімдерін кеңейту, студенттер арасында достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, бір-біріне деген құрмет, әртүрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет.