аываываывавы

Колледжде Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына арналған  тарихи  кеш өткізілді. 
 
2022 оқу жылындағы Жалпы білім беретін пәндер апталығыңың екінші күні Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына арналған  тарихи  кешке ұласты . Кештің мақсаты :
 - Мемлекет мәмігерлері Қаз дауысты Қазыбек  бидің өмірі қызметі, даналықтары туралы білімдерін  толықтыру.Би деген атауға түсінік бере отырып , қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу;
- Студенттерге Қаз дауысты Қазыбек – төбе би мағынасының мәнін ашып, тереңірек ұғындыру
- Отанға , еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлы тұлғаларды , қадірлеуге , құрметтеуге үйрету;
 Кешке студенттер өте жоғары дайындықпен келді. Әсіресе ұлы билеріміздің рөлдері сөмдалып,нақыл сөздері болашақ үлгі аларлықтай  етіп жеткізілді . Қаз дауысты Қазыбектің  14 жасында Қалмақтың ханы  Қонтайшының аузын аштырмай ,елшілікке баруы әдемі көрініс тапты .
Үш кемеңгер дүлділім 
Сақтаған ел бірлігін 
Қазақта қара қылды қақ бөлген 
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің 
Өміріне, сөз үлгілеріне зер салайық. -деп  С. Торайғыров ақынымыз  жырлағандай ,бүгін де елдің бірлігін , татулығын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек бидің өмір тарихынан сыр шертетін ақын Дидар Қамиев пен Сара Тоқтамысованың  айтысы кеш ажарын аша түсті. 
Кеш соңы студенттердің «Мен қазақпын»  әнімен аяқталды.
Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы  Кенишбаева Г.Т

Келулердің саны: 800

Жоғары