аываываывавы

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде Тәуелсіздік күніне орай
 
Колледж ұжымы мен студенттерді Тәуелсіздік күнімен колледж директоры Молдина Меруерт Айтмағанбетқызы құттықтады. Сонымен қатар “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ одағы атынан Шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары Алиакпарова Гүлмира Ауезқызы құрмет медалімен марапатталды. 
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілейміз!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын дегіміз келеді!

 


Келулердің саны: 999

Жоғары