15 қараша күні Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде 2023ж колледж табалдырығын аттаған 1 курс студенттерін салтанатты түрде студенттік қатарға қабылдау өтті.Іс -шара мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Шара аясында колледж директоры Молдина М.А. жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. " Жігер " өзін - өзі басқару кеңес мүшелеріне және колледж өміріне ат салысқан студенттерге " Алғыс хат " табысталды. Мерекелік іс - шарада колледжіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тоқтыбаева С.А. 1-курс старосталарына сынақ кітапшасын табыстады. Кураторлар атынан Мамбетова Ж.Ш және Ниязова А.Б. жана топ студенттеріне сәттілік тіледі. Салтанатты кешке колледж түлегі, активисті Бөлеген Нұрбек келіп өзінің әсерлі әнімен жүректерді баулады, одан әрі кеш концерттік бағдарламаға ұласты.