аываываывавы

Ұлытау облысының денсаулық басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық медициналық колледжі» ШЖҚ КМК оқуға қабылдаудың қағидалары

Ұлытау облысының денсаулық басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық медициналық колледжі» ШЖҚ КМК оқуға қабылдаудың қағидалары

Ұлытау облысының денсаулық басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық медициналық колледжі» ШЖҚ КМК оқуға қабылдаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Ұлытау облысының денсаулық басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық медициналық колледжі» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-Колледж) оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына , 2025 жылғы 3 шiлдедегi өзгерістер енгізу туралы № 153 бұйрығына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді

  2. Колледжге негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары білімі (жоғары кәсіптік) бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, босқындар, пана іздеуші адамдар, қандастар, сондай-ақ білім туралы құжаты (куәлік, аттестат) бар ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

    Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, босқындар, пана іздеуші адамдар, қандастар, сондай-ақ білім туралы құжаты (куәлік, аттестат) бар ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

  3. Колледжге оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.

    "Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы беріліп және (немесе) білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады."; Қабылдау квотасының мөлшері "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33298 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 261 бұйрық) бекітілген.

2-тарау. Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Колледжге оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына жұмыс берушілердің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.

    Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.

    Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

    Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылар жұмысына жалпы басшылық ету жауапты хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдауды, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап бередi, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, кеңес (консультация) және қабылдау емтихандарының даярлығын, жүргiзiлуiн ұйымдастырады, жазбаша емтихан жұмыстарының шифрленуiн және де шифрленуі жүргiзедi.

  2. Колледжде арнайы емтихандар өткізу үшін емтихан комиссиясы құрылады. Емтихан комиссиясының құрамына білім беру ұйымдарының, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Емтихан комиссия мүшелерінің көп дауысымен комиссияның төрағасы сайланады. Емтихан комиссиясының құрамы ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  3. Қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының шешімдері, егер олардың отырыстарына мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі және қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Қабылдау және/немесе емтихан комиссиялары мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының мүшесі болып табылмайды.

    Емтихан комиссиясының қорытынды отырысында аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба Колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады. Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында отырыстың хаттамасы жүргізіледі, ол Колледж мұрағатында кемінде үш жыл сақталады.

  4. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, Колледж жүргізеді.

  5. Колледж қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының (бұдан әрі – Білім басқармасы) келісімі бойынша шешіледі.

  6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша Колледжге оқуға қабылдау ТжКББ ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Жобалық мүмкіндік "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 381 бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес айқындалады. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша Колледжге мемлекеттік тапсырысы бойынша тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

  7. Колледж өтініштерді қабылдау, арнайы емтихандарды өткізу, конкурс және тұлғаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім негізінде ақылы негізде оқуға қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  8. Тұлғалардың ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау: медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады.";

  9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушы:

    Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – Портал);

    шетелдік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының түлектері үшін ТжКОББ ұйымдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) алады.

    Бұл ретте, Портал арқылы өтініш бергенге дейін өткен жылдардағы түлектер балдарды автоматты түрде есептеу үшін білім беру ұйымдарында білім туралы құжатты цифрлық форматқа ауыстыруға тиіс.

    Құжаттар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес ұсынылады. Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "бір өтініш" қағидаты бойынша "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға құжаттарды беру кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" және "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін өтініш бере алады.

    Бұл ретте, "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген), "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі ""Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі. Өтініште көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну нәтижелері ТжКОББ ұйымына қабылдау қорытындылары бойынша ұсынылатын болады.

    Көрсетілетін қызметті алушы қабылдау қорытындысы бойынша күнтізбелік 3 күн ішінде білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шартқа қол қояды. Шартқа қол қою туралы SMS-хабарлама mGov мобильді қосымшасының Bilim сервисінде жіберіледі.

Қосымшалар

1-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

АтауыМазмұны
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбағаныңызға және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты _________мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

  1. ____________________;
  2. ____________________;
  3. ....

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/ білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________ (қолы)

Орындаушының Т.А.Ә.

Телефоны __________

Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы

20 ___ жылғы "___" ______________

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК


Келулердің саны: 2356

Жоғары