аываываывавы

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Жезқазғанның белсенді жастарына Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатын табыстады . Қарағанды облысы бойынша ең белсенді деген 120 жасотандық Елбасының алғыс хатымен марапатталды . Белсенді жастардың қатарынан Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің студенті Асқар Аружан марапатталды.

Алғыс хатта « Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып , « Nur Otan » партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін . Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше . Алдағы уақытта « Nur Otan » партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда табандылық таныта беретініңізге сенемін . Сізге және отбасыңызға зор денсаулық , амандық , бақ - бере тілеймін ! » деп жазылған . Елбасының бұл тілегі мен батасы жастарға жаңа серпін беретіні анық . Марапаттарыңыз құтты болсын достар !

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ


Келулердің саны: 1589

Жоғары