аываываывавы

Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің қызметкері Ажибекова Бәкен Тұрмағанбетовнаның қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз.
Бакен Тұрмағанбетовна біздің колледждің түлегі. Колледжді тәмамдағаннан кейін Жезқазған қалалық балалар  ауруханасының реанимация бөлімшесінде медбике болып қызмет істеген.
"Нұрсая"қоғамдық бірлестігінің медбикелер күтім бөлімшесінде аға медбике болып жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде  лаборант болып қызметін жалғастырды. Медициналық қызметкерлер дайындау барысында аянбай жұмыс істеп, халықтың , әріптестерінің, оқушылардың алғысына бөленіп жүрді. Анасына, жолдасына,  туыстарына, балаларына колледж ұжымы қайғырып көңіл айтады.

Келулердің саны: 1511

Жоғары