аываываывавы

«Дін, тарих және салт дәстүр сабақтастығы» атты ақпараттық түсіндірме.

Бүгін «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Ауезов Ғабдол Жанділдаұлы, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қызметкерлерінің қатысуымен Жезқазған қаласы жоғарғы медициналық колледжі студенттерімен «Дін, тарих және салт дәстүр сабақтастығы» тақырыбында  ақпараттық түсіндірме жұмысын практикалық қойылым форматында өткізді. Бүгінгі таңда ұлтжанды, әрі иманды ұрпақ қалыптастыру, рухани тірегі мықты, намыс-жігері мол жастарды тәрбиелеу өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі: ғаламтор желісіндегі сансыз ақпараттар жастардың өмір сүру салтына, жүріс-тұрысына, тіпті киім-киісіне де тікелей әсер етіп отыр. Қойылым жастардың бойына рухани азық беріп, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды берік ұстануға шақырды.


Келулердің саны: 1100

Жоғары