аываываывавы

Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің студенттері Жезқазған қаласы мемлекеттік архивіне барды.

2022 жылдың 25-ші наурызында Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің 13З ЕІ және 5-лаб топ студенттері Жезқазған қаласы мемлекеттік архивіне барды. Студенттерге №322 қор топтамасының қор иесі, ҰOС ардагері, «Даңқ» орденінің толық иегері Жақсынбек Тілеуұлы Үншібаевтың 100 жылдығына арналған өлке тану сабағы өткізілді. Ел басына күн туғанда сұрапыл жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін отқа тосқан жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмтылмайды. Бұл - біздің тарихымыз, біздің даңқымыз! Іс шара соңында Жезқазған жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Айгерім Муканова жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде осындай игілікті істердің маңызы зор екеніне тоқтала келіп, архив ұжымына алғыс білдірді. Мұнан соң архивтің қор сақтаушысы Маржан Жүсіпова студенттерді архив қоймаларымен таныстырып, экскурсия жүргізді.


Келулердің саны: 1245

Жоғары