аываываывавы

Мамандықтар жәрмеңкесі.
 
 
«Қарағанды облысы білім басқармасы» КММ кәсіби бағдар беру жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 30 наурызында Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9, 10, 11 сынып оқушылары үшін Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтіп, қала колледждеріне өз мамандықтарын таныстыруға үлкен мүмкіндік жасалды. Қаламыздың 9-11 сынып оқушыларына колледжіміздегі барлық мамандықтар бойынша толық ақпараттар берілді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары колледжге қабылдану тәртібі, біліктіліктер жайлы, колледжіміздің толық өмір-тіршілігімен таныс болды. Мамандықтар жармеңкесіне қала мектептерінен келген оқушылардың ішінен 100 ден артық бала тіркелді.
Аталған іс-шараға ұйытқы болған Қарағанды облысы білім басқармасы мен Жезқазған қаласының білім бөліміне алғысымыз шексіз.

Келулердің саны: 1091

Жоғары